Осы құжат – «ATA CREATIVE HUB» жеке кәсіпкерлігінің (бұдан әрі – «Сатушы») кез келген жеке немесе заңды тұлғаға (бұдан әрі – «Сатып алушы») төменде баяндалған шарттар негізінде бөлшек сауда келісімшартын жасасу туралы ресми ұсынысы (офертасы) болып табылады.
Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 395-бабына сәйкес осы құжат жария оферта болып табылады, ал акцепт (шарттарды қабылдау) toktarbay.comсайтында тапсырыс беру жолымен жүзеге асырылады.
1. Жалпы ережелер
1.1. Осы шарт toktarbay.com сайты арқылы кітаптар мен қосалқы тауарларды сатып алу кезінде Сатушы мен Сатып алушы арасындағы қатынастарды реттейді.
1.2. Сайтта тапсырысты рәсімдеу фактісі осы офертаның шарттарын толық және сөзсіз қабылдау (акцепт) болып саналады.
2. Шарттың мәні
2.1. Сатушы Сатып алушыға кітаптар және/немесе қосалқы тауарларды меншікке беруге міндеттенеді, ал Сатып алушы оларды осы шарттың талаптарына сәйкес төлеуге және қабылдауға міндеттенеді.
2.2. Тауарлардың сипаттамалары, ассортименті және бағасы toktarbay.com сайтында көрсетіледі.
3. Тапсырыс рәсімдеу тәртібі
3.1. Тапсырыс Сатып алушымен сайт арқылы рәсімделеді.
3.2. Тапсырыс рәсімделгеннен кейін Сатушы оны Сатып алушы көрсеткен электрондық пошта немесе телефон арқылы растайды.
3.3. Сатушы тапсырыстың егжей-тегжейін (тауардың қолжетімділігі, төлем тәсілі, жеткізу шарттары) нақтылауға құқылы.
4. Бағасы және төлем тәртібі
4.1. Тауардың бағасы тапсырыс рәсімделген сәтте сайтта көрсетіледі.
4.2. Төлем сайтта көрсетілген кез келген қолжетімді тәсілмен жүргізіледі (жеткізу кезінде қолма-қол ақшамен, қолма-қол ақшасыз аударыммен, онлайн-төлеммен және т.б.).
4.3. Сатушы бағаны біржақты тәртіппен өзгертуге құқылы, алайда бұрын ресімделген тапсырыстар ресімдеу сәтіндегі баға бойынша төленуге жатады.
5. Тауарды жеткізу және тапсыру
5.1. Жеткізу Қазақстан ішінде және одан тысқары жерде сайтта көрсетілген тәсілдермен жүзеге асырылады.
5.2. Жеткізу мерзімі мен құны таңдалған әдіске байланысты және тапсырысты растау кезінде Сатып алушыға хабарланады.
5.3. Тауар кездейсоқ жойылу немесе бүліну қаупі тауарды жеткізу қызметіне берген сәттен бастап Сатып алушыға өтеді.
6. Қайтару және айырбастау
6.1. Тауарды қайтару және айырбастау Қазақстан Республикасының «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» Заңына сәйкес жүзеге асырылады.
6.2. Егер тауар түрі, қаптамасы және төлемді растайтын құжаты сақталған болса, Сатып алушы алған сәттен бастап күнтізбелік 14 күнтізбелік күн ішінде тиісті сападағы тауардан бас тартуға құқылы.
6.3. Ақша қаражатын қайтару тауарды қайтарғаннан кейін 7 жұмыс күні ішінде төлем жасалған тәсілмен жүзеге асырылады.
7. Тараптардың құқықтары мен міндеттері
Сатушы міндеттенеді:
– Сайттағы тауар туралы ақпараттың дұрыстығын қамтамасыз етуге;
– Тауарды келісілген мерзімде тапсыруға;
– Сатып алушының жеке деректерінің құпиялылығын сақтауға.
Сатып алушы міндеттенеді:
– Тапсырыс беру кезінде шынайы деректерді көрсетуге;
– Тапсырысты толық көлемде төлеуге;
– Тауарды белгіленген мерзімде қабылдауға.
8. Тараптардың жауапкершілігі
8.1. Тараптар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапты болады.
8.2. Сатушы сатып алынған тауарды дұрыс пайдаланбаудан туындаған Сатып алушының залалы үшін жауапты болмайды.
8.3. Сатып алушы дұрыс емес деректерді ұсынған жағдайда, ықтимал салдарлар үшін жауапкершілік Сатып алушының өзіне жүктеледі.
9. Форс-мажор
9.1. Тараптар еңсерілмейтін күш (форс-мажор) мән-жайлары: өрттер, дүлей зілзалалар, әскери іс-қимылдар, көлік және байланыс жұмысындағы үзілістер, мемлекеттік органдардың шешімдері және тараптардың ақылға қонымды бақылауынан тыс басқа да мән-жайлар туындаған кезде міндеттемелерді орындамағаны үшін жауапкершіліктен босатылады.
10. Өзгеде шарттар
10.1. Сатушы осы шартқа алдын ала ескертусіз өзгерістер енгізуге құқылы. Шарттың өзекті нұсқасы әрқашан toktarbay.com сайтында жарияланады.
10.2. Барлық даулар келіссөз арқылы шешіледі. Келісімге келмеген жағдайда дау Қазақстан Республикасының сотында қаралады.
11. Сатушының деректемелері
«ATA CREATIVE HUB» ЖК
Заңды мекенжайы: Қазақстан, Талдықорған, Болашақ шағын ауданы,
3-үй, 62-пәтер/кеңсе
Телефон: +7 707 793 05 74
E-mail: yeldos@toktarbay.com