САҒАТ

САҒАТ

Бірінші сыныпта оқитын Сәния – сәнқой қыз. Анасы туған күніне сағат сыйлапты. Күнде ауладағы балаларға сағатын қайта-қайта көрсетіп: «Бұл соңғы шыққан супер сағат. Уақытты да, күнді де, керек десең жүрген қадамыңды да көрсетеді. Үйде отырған анам мені осы сағат арқылы бақылап отырады», – деп мақтанып қоятын. 

Бір күні ойын алаңқайында кішкентай немересін ойнатып отырған көрші Сәлима апа: 

– Сәния ботам, сағатың неше болды? –  деп сұрады. Сонда сәнқой Сәния қолындағы сағатына қарап тұрды да, үйіне қарай тұра жүгірген болатын. Балалар үйлеріне тарқасып жатқанда Сәния келіп: 

– Сәлима апа, анам айтты сағатың кешкі бестен он бес минут кетті, – деді. Сонда ауладағы балалар оның сағат тілін танымайтындығын байқап, «Мақтаншақ Сәния» деп күліп еді. Сол күннен кейін Сәния намысқа тырысып, сағаттың тілін жатқа білетін болды. 

Ал сен сағат тілін айыра аласың ба? 

Posted in Әңгімелер