Құпиялық саясаты

«ATA CREATIVE HUB» ЖК-не (бұдан әрі – «Компания», «біз») тиесілі осы Құпиялық саясаты toktarbay.com сайты пайдаланушыларының дербес деректерін өңдеу және қорғау тәртібін реттейді.

Біз сіздің деректеріңіздің құпиялылығын құрметтейміз және оларды «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» Заңыды қоса алғанда, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қорғауды қамтамасыз етуге тырысамыз.

1. Жеке деректерді жинау

Біз келесі санаттағы жеке деректерді жинай аламыз:

– Тегі, аты, әкесінің аты;

– Байланыс деректері (телефон нөмірі, e-mail, жеткізу мекенжайы);

– Төлем деректемелері (тапсырысты ресімдеу және төлеу үшін қажетті көлемде);

– Пайдаланушы өз еркімен ұсынған өзге де деректер (мысалы, тіркелу, тапсырыс рәсімдеу немесе таратылымға жазылу кезінде).

2. Деректерді өңдеу мақсаттары

Біз жиналған деректерді пайдаланамыз:

– сайттағы тапсырыстарды рәсімдеу және орындау үшін;

– сайттың сервистеріне қол жеткізуді қамтамасыз ету үшін;

– тапсырыстарға қатысты хабарламаларды жіберу үшін;

– жаңалықтар мен жарнамалық материалдарды жіберу үшін (тек пайдаланушының келісімімен);

– қызмет көрсету сапасын жақсарту және сайт жұмысына талдау үшін.

3. Деректерді үшінші тұлғаларға беру

Біз келесі жағдайларды қоспағанда, дербес деректерді үшінші тұлғаларға бермейміз:

– Қазақстан Республикасы заңнамасының талабы бойынша;

– тапсырысты орындау үшін (мысалы, курьерлік және пошта қызметтері);

– пайдаланушының келісімі бойынша.

4. Деректерді қорғау

Біз жеке деректерді рұқсатсыз кіруден, өзгертуден, жария етуден немесе жойылудан қорғау үшін барлық қажетті ұйымдастырушылық және техникалық шараларды қолданамыз.

5. Сақтау мерзімі

Жеке деректер оларды өңдеу мақсаттарына қол жеткізуге қажетті мерзімге дейін немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мерзімге дейін сақталады.

6. Пайдаланушы құқықтары

Пайдаланушы құқылы:

– өзінің жеке деректері және олардың өңделу тәртібі туралы ақпарат алу;

– деректерге өзгерістер енгізуді немесе жоюды талап ету;

– жеке деректерді өңдеуге келісімін кері қайтарып алу.

Құқықтарды іске асыру үшін төменде көрсетілген байланыстар бойынша бізге хабарласа аласыз.

7. Cookie файлдарын пайдалану

Сайт пайдаланушы тәжірибесін жақсарту және сайттың жұмысын талдау үшін cookie файлдарын және басқа технологияларды пайдалана алады. Пайдаланушы браузер параметрлерінде cookie файлдарын өшіре алады, бірақ бұл сайттың дұрыс жұмыс істеуіне әсер етуі мүмкін.

8. Саясаттағы өзгерістер

Компания осы Құпиялық саясатына өзгерістер енгізу құқығын өзінде қалдырады. Саясаттың өзекті нұсқасы әрдайым toktarbay.com сайтында қолжетімді болады.

9. Байланыс ақпараты

«ATA CREATIVE HUB» ЖК

Заңды мекенжайы: Қазақстан, Талдықорған, Болашақ шағын ауданы,

3-үй, 62-пәтер/кеңсе

Телефон: +7 707 793 05 74

E-mail: yeldos@toktarbay.com